Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қостанай облысында болған көшпелі отырысында жаңа Еңбек кодексінің нормалары талқыланды

Қостанай облысының Рудный қаласында "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" Акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Мәжіліс депутаты Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков те қатысты. Отырысты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова ашып, жүргізіп отырды. Комитет Төрайымы Еңбек кодексінің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгеніне қарамастан Үкіметке және Кодексті әзірлеушілерге осы күнге дейін көптеген сұрақтардың келіп түсіп жатқанына назар аударды. Құрамында Мәжілістің 12 депутаты, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің басшылары бар беделді делегацияның Рудный қаласына келуі кеншілер тарапынан еңбек құқығын жетілдіру бағытындағы көптеген ұсыныс-пікірлердің айтылуына да ықпал етті.