Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығында өткен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

2016 жылғы 24 қазанда Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының дирекциясында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің тұсаукесері» тақырыбы бойынша көшпелі отырысы болды.

Бұл шара «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау шеңберінде өтті.

Отырыс жұмысына Әлеуметтік-мәдени даму комитеттің мүшелері – Мәжіліс депутаттары мен осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, соның ішінде вице-министрлер С.К.Жакупова мен А.В.Цой, Қаржы, Білім және ғылым, Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

Оларға қоса отырыс жұмысына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының, жеке медициналық сақтандыру компанияларының өкілдері, жұмыс берушілерден – «KAZENERGY» қауымдастығының, Тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері және басқалар қатысты. Сондай-ақ отырысқа денсаулық сақтау саласына танымал сарапшылар да шақырылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі МӘМС жағдайында дәрігерге қаралушылар амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек алған кездегі денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің тұсаукесерін өткізді.

Депутаттар мен шақырылған меймандар тұсаукесер болған жүйені енгізу бойынша, МӘМС Қорына қаржы аудару мен жарналар төлеудің мерзімдері бойынша және МӘМС жүйесінің барлық процесінің басталуы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты.

Шақырылған мемлекеттік органдардың және аталған жүйені әзірлеушілердің өкілдері отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Отырысты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М.Иксанова қорытты.