Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы

2016 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының Парламентінде өткен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Амантайұлы Біртанов баяндама жасап, денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру бойынша негізгі тәсілдемелерін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Ә.Арифханов, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э.К.Утепов, ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Ю.К.Якупбаева, «Медикер» ЖШС-нің Басқарма Төрайымы Г.С.Садырбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Ж.Аманжоловалар сөз сөйледі. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жауапты қызметкерлері және жеке медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Отырыс барысында денсаулық сақтау объектілерінің жекешелендіруін енгізу, объектілерді өткізу механизмдері, қандай объектілер жекешелендірілуге тиіс екендігі, қандай басымдықтары болатындығы және жекешелендіруден кейін қандай көрсетіліп отырған қызметтер сақталуы керектігі бойынша маңызды мәселелер талқыланды және олар бойынша белсенді пікір алысу болды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.