Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы

«СК-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтіп, оған депутат Ж.Ә.Ахметбеков те қатысты. Бұл іс-шара «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» деген тақырыптағы парламенттік тыңдауды дайындау және өткізу іс-шаралар шеңберінде өткізілді. Комитет отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.И.Исимбаева, Мәжіліс депутаттары - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртанов, «КазМедТех» АҚ Басқармасының Төрағасы Т.О. Чиникеев, ҚР Фармацевтік қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының Президенті М.И. Дурманова, Дәрі заттарды импорттаушы қауымдастығының атқарушы Директоры С.М. Оспанова, сондай-ақ отандық тауар өндіруші мен фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Одан басқа, отырыста Алматы қаласынан видеоконференция тәртіптемесі бойынша «Дәрілік заттарды, медицинаға арнлаған бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаушы Ұлттық орталық» Бас директоры А.Е. Шоранова, бірінші орынбасары Д.М. Сәбденалиев және департамент басшылары қатысты. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылаушы комитет төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю. Пак негізгі баяндама жасады. «СК-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің Басқарма төрағасы Н.Р.Әлібаев Бірыңғай дистрибьютор қызметі бойынша ақпарат жасады. Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютордың жағдайлы- аналитикалық Орталығының тұсау кесері өтті. Бұл мәселені қарастырылу барысында комитет-мүшелері - депутаттар тарапынан отырыстың тақырыбы бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойылды, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарын айтылды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М.Иқсанова отырысты жүргізді және нәтижесін қорытындылады