Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
ЕҚЫҰ ПА Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі Комитетінің отырысы, 2 шілде 2016 жыл, Тбилиси қаласы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков 2016 жылғы 2 шілдеде Тбилиси қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Парламентаралық Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта мәселелері жөніндегі Комитетінің отырысына қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде депутат ЕҚЫҰ-ның бүкіл әлем бойынша түрлі интеграциялық бірлестіктердің әріптестік желісін дамытуға, көліктік-коммуникациялық даму жобаларды іске асыруға зор мүмкіндіктері барлығын айтып өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырдың бірегей интеграциялық жобасы Еуразиялық экономикалық одаққа бірігуді - Үлкен Еуразия жобасын жария етті. Оны жүзеге асыру басталып та кетті. Келер жылы -  2017 жылы Қазақстанда Болашақтың энергиясы тақырыбына арналған "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтетіндігін, бұл көрменің зор инновациялық технологиялық жаңалықтарды топтастырған көрме болатындығына сенім білдірді. Әлем елдерінің көрмеге қызығушылығы күшті екенін көріп отырмыз, бүгіннің өзінде 100 мемлекет, 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындықтарын растаған. Депутат ЕҚЫҰ мінберінен сөйлеуге берілген мүмкіндік үшін алғыс айтты.