Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мәжілісте Қазақстан мен Қытай коммунистері жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Халықтық коммунистер» фракциясының бір топ депутаты Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Тао мырзамен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Халықтық коммунистер» фракциясының атынан депутат Жамбыл Ахметбеков Қытай Коммунистік партиясының келе жатқан 95 жылдығымен құттықтады. Ол сонымен қатар, ширек ғасырдан бері екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың қарқынды өркендеп келе жатқанына, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесі екендігіне тоқталды. 
Бұдан бөлек, әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық байланыстардың маңызына назар аударып, заң шығарушы органдар арасындағы байланыстар жөнінде кеңінен сөз қозғады. 
Кездесу барысында «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясат мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуы жайында пікір алмасулар болды.

Жүздесуге Қытай халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ханьхуэй Чжан, сонымен қатар «Халықтық коммунистер» тарапынан депутаттар Владимир Косарев, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров және Магеррам Магеррамов қатысты. 

Ақпарат http://www.inform.kz/ сайтынан