Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министріне депутаттық сауал



25.10.2017 ж. жарияланды


Қазақстан Республикасы


инвестициялар және даму министріне


Ж.М. Қасымбекке






Депутаттық сауал

Құрметті Женис Махмудұлы!


Астана қаласының ҚБ «Жұмысшылар қозғалысы» белсенділері тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы өтінішпен «Халық коммунистері» фракциясына жүгінді. Мемлекеттік қызметшілер әртүрлі мемлекеттік органдарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі тиімді шараларды қабылдамау туралы, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін орындамағаны және электр энергияны ЖҮҚ-не және жылу есептегіштерін тексеру үшін заңсыз ақы төлеу туралы бұзушылықты  жою  бірнеше рет өтініш білдірді.

Тұтынушылардың құқықтық танымдары болмағандықтан, коммуналдық қызмет көрсетулерін жеткізушілердің тұтқындары бола бастайды. 2014 жылы «Астана-Теплотранзит» АҚ «Халық Коммунистер» фракциясының көмегімен жылу энергиясына арналған есептегіштер тегін орнатылды. Бірақ тұтынушылар АҚ- нан жылдың басында хаттар ала бастады, яғни 2017 жылдың 14 наурызында жылу есептегіштеріне тексеріс жасауды қорқытумен «есептегіштермен жабдықталмаған нысандар сияқты жылуды тұтыну жылдамдығына негізделген тұтыну көлемін есептеу» талап етілді. 

Заңнамаға сәйкес, жылу есептегішті тексеру төрт жылда бір рет жалға алушылардың мақсатты шығындарының есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Жылу есептегіштерге АҚ «Теплотранзит» тиесілі болғандықтан, неге және қандай негізінде олар ПИК-нің балансына аударылғаны туралы қоғамшылдарда сұрақтар туындай бастады. Әкімдік тұрғын үй инспекциясы тарапынан жылу есептегіштерін тексеру мерзімін бақылау - төрт жыл өткен жоқ.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (арнайы бөлім) сәйкес, 487-бап. Абоненттiң желiлердi, аспаптар мен жабдықтарды күтiп ұстау және пайдалану жөнiндегi мiндеттерi туралы: «2. энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi».

Астана қаласының қоғамдық ұйымдары 2013 жылғы 9 сәуірдегі мәлімдемесінде ҚР Үкіметіне «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ны жою туралы өтініш білдірді, себебі ол қызмет көрсетуші болып табылмайды, сондай-ақ елорда тұтынушыларға электр энергиясыны ЖҮҚ-не ақы төлеуді заңсыз жүктейді.  Осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің 2009 жылдың 11 қыркүйегінен ЖҮҚ-не  төлеу туралы «жалған хаттамасына» жауаптылыққа тарта алмай жүр, олар бүгінгі күнге дейін пәтер иелеріне тікелей ЖҮҚ-ін төлеуді талап етеді.

Астана қаласының прокуратурасы «жалған хаттамасын» заңсыз деп жариялады және оны Ішкі істер басқармасына жіберді, бірақ мемлекеттік қызметшілердің барлық талаптары әлі шешілмеді, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылғы № 1822 қаулысы орындалмады. ЖШС «Астанаэнергосбыт» монополияға қарсы заңнаманы бұза отырып, ЖҮҚ-не ақы төлеу туралы хабарламаны жіберуді жалғастыруда.

Біздің ойымызша, үкіметке жоғарыда аталған іс-шараларды жасаған және тапсырылған іске немқұрайлы қарау тұлғаларды жауапқа тарту керек деп есептейміз. Сондай-ақ, қоғамшылдар көтерген мәселелерді мұқият зерделеп, тиісті шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз, өйткені біз мемлекеттік органдарға  жүктелген міндеттерді тиімді орындауға тиіс деп есептейміз.

Депутаттық сауалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қарап, жауап қайтаруыңызды сұраймыз.



Құрметпен, Мәжілістегі

ҚКХП «Халық коммунистері»

Фракциясының мүшелері

                                                                              Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

А. Конуров

М.Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов


Орын.: Кошербай Н.

тел: 74-62-15