Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Ж.А.Ахметбековтің Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне депутаттық сауалы

2021 жылғы 10 ақпанда жарияланды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

С.К.Омаровқа

Депутаттық сауал

Құрметті Сапархан Кесікбайұлы!

Біздің депутаттық сауалымыз отандық аграрлық ғылымды дамытуға қатысты. Өкінішке орай осы саланы дамытуға арналған жобалар біліксіздік пен жауапсыздықтың кесірінен кері әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға (бұдан әрі – БНҚ) конкурс жариялады.

Осы конкурсқа бөлінетін қаржыландырудың нақты көлемі 17 096 000,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде 2021 жылға – 7 698 000,0 мың теңге.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес

Сүтті мал шаруашылығында:

«Сүтті малдың асыл тұқымдық құндылығын есептеу жөніндегі 1 бағдарламалық өнім және гендік қорды сақтау үшін жойылып бара жатқан тұқымдардың селекциялық-асыл тұқымдық жұмысының 3 бағдарламасы әзірленуге тиіс». Бұл тармақ гендік қорды сақтау үшін жойылып бара жатқан тұқымдардың селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс бағдарламасы ҚР АШМ бағдарламалық қаржыландыру шеңберінде 2018-2020 жылдары әзірленіп қойғандығымен қызықты.

Жылқы және түйе шаруашылығында:

«SNP-генотиптеу арқылы жануарларға молекулалық-генетикалық талдау жүргізу керек».

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өнімдеріне молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы» Ережеге сәйкес генотиптеуді ЕАЭО шеңберінде сертификатталған зертханалар жүргізуі тиіс. Өкінішке орай, республикада мұндай зертханалар жоқ. Яғни, бұл бөлімді орындау – шетелдік зертханаларды қолдау деп түсінуге негіз береді.

Бұдан басқа, «селекциялық жетістіктерге Қазақстан Республикасының 3 патенті және ЕАЭО-ның 1 патенті алынуы тиіс». ҚР АШМ мен ҚР ӘМ Зияткерлік меншік комитетінде тіркелген сәттен бастап селекциялық жетістікті апробациялауды бірден жүргізілмейтіні белгілі. Әдетте үшінші немесе бесінші жылы. Ал селекциялық жетістікке ЕАЭО патентін қалай алуға болады? Жылқы шаруашылығында ЕАЭО патентін алу жағдайы әлі болған жоқ, оны 1,5 жылда қалай алуға болады? Осыдан кейін, бұл конкурстық құжаттаманы біліктілік деңгейі қандай мамандар әзірлеген деген сұрақ туындайды.

Қой шаруашылығы, құс шаруашылығы бойынша да осындай көрініс қалыптасуда, яғни селекциялық жетістікке ЕАЭО патенттерін алу қажет. Егер мал шаруашылығы салалары бойынша алдымызға зор міндеттер қоятын болсақ, ғылыми әлеуеттің, яғни кадрлық құрамның жай-күйін ескеру қажет.

Оған қоса, неліктен сүтті мал шаруашылығында премикстердің тиімді рецептуралары бойынша ЕАЭО-ның 3 патентін талап етіледі. Ықтимал орындаушылар мұны жасай ала ма? Бүгінгі күнге дейін отандық бірде-бір ҒЗИ, тәжірибе станциялары ЕАЭО патентін алмаған.

Сонымен қатар, біз бағдарламалардың ғылыми жетекшілеріне қойылатын талаптарды біріздендіруді ұсынамыз.

Қаржыландыру үшін БНҚ бекіту кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруға тартылған ғалымдардың кадрлық ғылыми құрамын ескеру қажет.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттама кемінде 25 балл жинауы тиіс. 2018-2020 жылдары ҚР АШМ БНҚ-ға қомақты қаражат бөлді. Өкінішке орай, БНҚ бойынша ғылыми есептердің 36-дан 25 балл жинағандары аз болды, 22 және 21 ұпай жинағандар да жоқ емес. Ғылыми бағдарламалардың мұндай басшыларын конкурсқа қатысудан шеттету керек. Олар үш жыл бойы ғылыми бағдарламаларды қалай басқара алады?

Жалпы, конкурстық құжаттама көптеген шағымдарды тудырады. Осыған ұқсас мәселелер мал шаруашылығынан басқа, ауыл шаруашылығының басқа салалары бойынша да туындайды.

Егер олардың конкурстық құжаттамасы кемінде 25 балл жинаған, Хирш индексі бар 2 және одан көп аграрлық ғалымдары болған жағдайда, бірінші кезекте 2018-2020 жылдары БНҚ бойынша 25 балл жинай алған орындаушы ұйымдармен шарттар жасасуды ұсынамыз. 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Сізден осы мәселелерді қарауыңызды және оның нәтижесі туралы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес жазбаша түрде жауап берулеріңізді сұраймыз.

Қосымша: 6 парақ.

Құрметпен,

Мәжілістегі ҚХП

фракциясының мүшелері           

                                                                     

                                                                                         Ж. Ахметбеков

Ф.Каменов

З.Кулахметов

    А.Конуров

    А.Милютин

А.Паяев

     С.Решетников 

А.Скакова   

Е.Смайлов

И.Смирнова