Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Ә.А.Смайыловқа депутаттық сауал


Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі  

Ә.А. Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Парламент Мәжілісі депутаттарының өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі кезінде Кеден қызметі ардагерлерінен өтініш келіп түсті. Отандық кеденнің ардагерлері еліміз үшін өте маңызды мәселені көтерді. Олар Кеден қызметін жеке мемлекеттік органға қайта ұйымдастыруды ұсынды. ҚХП фракциясы бұл мәселені жан-жақты зертеп, отандық Кеден қызметін реформалау мәселесі өте өзекті деп санайды.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдар ең бірінші кеденшілермен кездеседі.  Кеден - ұлттық экономиканы қорғауды қамтамасыз ететін әлемге танымал орган. Мемлекеттің қуаттылығы мен экономикалық қуаты – ең алдымен, оның кеден қызметіне, оның құрал-жабдығына деген көзқарасында.

2013 жылға дейін Қазақстан Республикасының кеден органдары құқық қорғау органының барлық функцияларын атқарды.

Алайда, 2013 жылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына реформа жүргізіліп, нәтижесінде мемлекетіміздің кедендік шекарасын контрабандашылардан, есірткі сатушылардан, сыртқы экономикалық қызметке жосықсыз қатысушылардан және басқа қылмыстық элементтер күзететін кеден қызметі бір түнде Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық органының құрылымдық бөлімшесіне айналды.


Мемлекеттік кірістер комитетінің кейбір құрылымдық бөлімшелерін құқық қорғау функциясын жоғалтумен бағындыра отырып, кеден органдарының таратылуы кеден шекарасын мемлекет тарапынан ішінара бақылаусыз қалдыруға әкеп соқты.

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен салық органы (фискалдық орган) мен кеден қызметі (құқық қорғау қызметі) қосылды, соның нәтижесінде фискалдық орган құқық қорғау органын толығымен «жұтып қойды». Бұл ретте құқық қорғау органының көптеген бөлімшелері өз қызметін тоқтатты.

Бұдан басқа  2014 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» №129-шы қаулыны бекітті.

Отандық кеденнің ардагерлері кейбір шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен мемлекет миллиардтаған пайданы жоғалтып отыр деп санайды. Фискалдық және құқық қорғау органдарының алдында әртүрлі міндеттер, әртүрлі көзқарастар бар. Қазіргі уақытта кеден қызметі салық қызметіне айналды. Біздің қызметкерлер аудиторлық тексерулер жүргізіп, бизнес нысандарынан түсетін салық түсімдерін бақылау және салық қызметіне тән басқа да функцияларды жүзеге асыруға кірісті.

Ал кедендік шекарада болып жатқан оқиғалар Кедендік заңнама департаменттерінің бірінші басшыларының білмеуіне және осы заңнамаға үңілгілері келмеуіне байланысты үнемі кейінге қалдырылды.

Бұл жағдай Мемлекет басшысының кеден бекеттеріндегі мемлекеттік кірістер комитетінің, атап айтқанда, «Қорғас» кеден бекетіндегі және басқа да қызметтердегі қызметіне қатысты сөйлеген сөзінде атап өтілді. Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде ү. ж. 11 қаңтарда сөз сөйлеп, бюджет кірістерін арттырудағы елеулі әлеует кеденде тәртіп орнатуда жатқанын атап өтті. Әсіресе Қытаймен шекарада. Ол жерде орын алған тәртіпсіздік баршаға белгілі. Машиналар тексерілмейді, салықтар мен баждар төленбейді. ҚХР кеден органдарының статистикасындағы алшақтықтар миллиардтаған долларға жетіп отыр. Қол сұғуға болмайтын мәртебеге ие «уәкілетті операторлар»  бар. Еліміз салық түрінде ондаған миллиард теңге жоғалтуда.

Біз осындай фактілерді болдырмау мақсатында Ел Президентіне есеп беретін кеден органдарын жаңғырту қажет деп санаймыз. Мемлекеттік кедендік шекараны қорғаумен, Кедендік шекарадағы заңсыз әрекеттерді анықтаумен және жолын кесумен Еуроодақтың барлық елдеріндегідей және басқа да дамыған елдердегідей кеден органдары атынан құқық қорғау органы айналысуы тиіс деп санаймыз.

Депутаттық сауалды қарастыруды және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жазбаша түрде жауап беруді сұраймыз.

Қосымша: 6 парақ


«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:


Ж. Ахметбеков

А.Қоңыров

З.Құлахметов

Г.Нұғманова

М.Магеррамов

А.Милютин

А.Паяев     

А.Сқақова   

Е.Смайлов

И.Смирнова