Әлімбаев
Данияр
Кенғазыұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Әлімбаев Данияр Кенғазыұлы

1977 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

1998 – 1999 гг. – «Ремстройтехника» ААҚ заңгер-консульты.

1999 – 2003 гг. – Алматы қаласының, Жетісу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығы.

2003 – 2003 гг. – «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің атқару директоратының аппарат басшысы.

2003 – 2004 гг. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

2004 – 2008 гг. – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы кадр саясаты бөлімінің бас сарапшысы, кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшысы, кадр саясаты бөлімінің бас консультанты.

2008 – 2012 гг. – Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ кадр қызметі бастығының орынбасары.

2015 – 2015 гг. – Алматы облысы әкімінің аппараты заң, мемлекетік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.

2015 – 2018 гг. – Алматы облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

2018 – 2018 гг. – Алматы облысы әкімінің көмекшісі.

2018 – 2020 гг. – «Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ, басшысы.

2021 жылдың қаңтарынан бастап «AMANAT» партиясынан жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен, сонымен бірге «Ерен еңбегі үшін» және «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне 25 жыл» медальдармен марапатталған.

Екі ұлы бар.