БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2021 жылғы 18 наурызда Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Хайланұлы Барлыбаевтың басшылығымен бейнеконференц байланыс режимінде " Түркістан облысын мысалға ала отырып көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу және мал шаруашылығын дамыту мәс

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Сапаров, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жаханов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Б. Нығмашев сөз сөйледі. Сонымен қатар, талқылауға "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, квазимемлекеттік сектордың және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өкілдері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында еліміздің оңтүстік өңірлері үлгісінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, оны өткізу және мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, агробизнес өкілдері егіс науқанын өткізуге уақытылы дайындалу және қажетті агротехникалық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыру үшін жыл сайынғы қаржы ресурстарының тапшылығын атап өтті. Бұл ретте, орын алған проблемаларды жою бойынша нақты шаралар ұсынылды.

Өз кезегінде депутаттар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, уәкілетті органдарға оларды шешу алгоритмін әзірлеуді ұсынды.

Нәтижесінде орын алған проблемалар жан-жақты және сындарлы талқыланды, барлық енгізілген ұсыныстар мен сараптамалық пікірлерді уәкілетті орган назарға алды.