БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы «Ақжол» фракциясының мүшесі Ерлан Хайланұлы Барлыбаев Алматы қаласында бірқатар іс-шараларға қатысты.

Алдымен ол, логистикалық бірлестік өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Отырыста бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-шағымдар тыңдалды. Атап айтсақ, логистикалық инфрақұрылымдағы теміржол тарифтерінің мәселелері, тауарларды таңбалау, ТІЖ енгізу және контрафактілік өнімдермен жұмыс жасау.

Іс-шараға, «Ақ жол» ҚДП-ның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов, қалалық мәслихатының депутаттары Күпесбай Жампиисов, Ербол Омарханов, Федор Константинов, Алматы қалалық жастар қанаты, логистикалық бірлестік өкілдері және темекі өнеркәсібі өндірісінің мамандары қатысты.

Аталмыш шарадан кейін, Ерлан Барлыбаев, Алматы қаласының «Дорожник» ықшамауданында орналасқан  «HARMONY CABLE» ЖШС-нің өндіріс орнына барып қайтты. ЖШС басшысы Нурлан Ерназаров жұмысшылармен кездесу ұйымдастырып, депутатты өндіріс барысымен таныстырды. Айта кетерлік жайт, Нурлан Ерназаров осыдан бірнеше апта бұрын Алматы қалалық филиалына бизнестегі қиындықтары туралы өтінішін білдірген болатын.