БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Хайланұлы Барлыбаев Оралдық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Біржан Қожақов жетекш

2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Хайланұлы Барлыбаев Оралдық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Біржан Қожақов жетекшілік ететін жиһаз цехында болып, ЦСА ауруына шалдыққан балаларға арналған жаңа құрылғыларымен танысты. Кәзіргі таңда кәсіпкер, құрылғылардың бірқатарын емдеу мекемелері мен қоғамдық бірлестіктерге, науқас балаларға тегін таратып отыр.

Сонымен қатар, жиһаз цехында 35 тұрғын еңбек етсе, олардың 21-і мүмкіндігі шектеулі жандар. «Ғибадат» ЖШС-гі жиһаздың алуан түрін шығарып келеді. Мәселен, ұлттық ою-өрнекпен әрленген бесік пен сандықтарға басқа облыстардан тапсырыс көптеп түсіп жатқаны-цех өнімінің сапасына дәлел.

Ерлан Хайланұлы, Ақжолдық депутаттар қашанда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерді қолдайтындықтарын жеткізді.