БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев және Аветик Амирханян Батыс-Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Орал қаласының негізгі нанмен қамтушысы - Желаев нан комбинатына барып қайтты.

Комбинат өкілдері депутаттар алдында бірқатар проблемалық мәселелерді ортаға салды. Мәселен, өткен жылдан бастап аталмыш нан комбинаты өнімінің бағасын 150 теңгеге дейін көтеруге мәжбүр болған. Оған жанар-жағармай бағасының күрт көтерілуі, мемлекеттен бөлінетін субсидияның мардымсыздығы мен коммуналдық төлемдердің шарықтауы себеп болды.

Осыған орай, комбинат өкілдері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер  мемлекеттің қолдауына әлі де болса зәру екенін жеткізді. Өткені күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай әлеует тұрғындардың көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды.

Сонымен қатар кездесуде, санаулы күндерден соң басталатын көктемгі егіс науқанына қажетті жанар-жағармайды уақытылы жеткізу және шаруаларға төленетін мемлекеттік қолдауды толықтай қамтамасыз ету жәйі де сөз болды.