БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2021 жылғы 25 ақпанда Ерлан Хайланұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасы Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін

2021 жылғы 25 ақпанда  Ерлан Хайланұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасы Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұсаукесеріне қатысты.

Заң жобасының таныстырылымы  Мәжіліс депутаттарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жұртшылық өкілдерінің қатысуымен бейне-конференц-байланыс форматында өтті

Жиынға қатысушыларды заң жобасының негізгі ережелерімен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов таныстырды.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты жер заңнамасын жетілдіру, жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін оңайлату, жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.