БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2022 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Ерлан Барлыбаевтың басшылығымен Ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату төлеміне қатысты проблемалық мәселелер бойынша тақырыптық отырыс өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Жомартұлы Құрманов қатысып, депутаттарды ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату төлемін жетілдіру бойынша ұсынылған тәсілдемелермен таныстырды.

Депутаттар өз кезегінде қолданыстағы кәдеге жарату төлемі ауыл шаруашылығы техникасының құнын едәуір арттырып, оны қарапайым фермерлер үшін қолжетімді етпейтінін атап өтті. Сонымен қатар, аталған төлем, тозуы бүгінде шамамен 80 пайызды құрайтын машина-трактор паркінің жаңарту қарқынына теріс әсерін тигізеді. Сайып келгенде, мұның бәрі азық-түлік тауарларының қымбаттауына әкеліп соғады.

Отырысқа қатысушылар импорттық ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату төлемінің мөлшерін 200 АҚШ долларына баламалы теңгеге дейін айтарлықтай төмендету, автокөлік құралдарын сатып алуға бұрын қолданыста болған жеңілдетілген несие беру бағдарламасына ұқсас ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға да жеңілдетілген несие беру бағдарламасын әзірлеу қажеттігі туралы пікір білдірді. 

Сондай-ақ қосалқы бөлшектердің, шығын материалдарының және шағын ауыл шаруашылығы жабдықтарының отандық өндірісін дамыту мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде, мемлекеттік органдар ұсынған ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату төлемін алу және пайдалану саясатындағы өзгерістерді, агроқұрылымдармен талқылап, өңірлерден оралғаннан кейін қайта егжей-тегжейлі талқылау керектігі туралы шешім қабылданды.