КАЗАНЦЕВ
Павел
Олегович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мұнай саласы сұрақтары бойынша депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

П.О. Казанцевқа

Құрметті Павел Олегович!

Сіздің депутаттық сауалға Бас прокуратурамен қазақстандық мұнай-газ активтерімен жасалған заңсыз операциялар туралы жарияланымдар бойынша қаржы жəне энергетика министрліктерімен бірлесіп тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. 4 ақпараттық себеп бойынша жарияланымдарда баяндалған мəліметтер шынайылығы мен объективтілігі тұрғысынан бағаланды.

Бірінші. Қазақстаннан шығарылған мұнай экспортына байланысты заңсыз операциялар туралы жарияланымдар.

Біз қазақстандық мұнай экспортының 2009-2019 жылдардағы жалпы құрылымын, соның ішінде Vitol компаниялар тобының экспорттық үлесін зерттедік.

Осы кезеңде барлығы 752 миллион тонна мұнай экспортталғаны анықталды.

Бұл ретте 482 млн. тонна немесе экспорттың жалпы көлемінің 64% Chevron, Eni, Royal Dutch Shell plc, CNPC жəне т.б. сияқты ірі инвесторлардың қатысуымен 4 компанияның («Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ) үлесіне тиесілі.

Өнімді бөлу туралы келісімдер мен бірлескен қызмет шарттары бойынша олар («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ны қоспағанда) жеке коммерциялық саясатқа сəйкес мұнай мен газды сату бағыттарын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан əрі - ҚМГ) мен басқа да тұлғалардың қандай да бір ықпалынсыз дербес анықтап, ішкі нарыққа мұнай жеткізу міндеттемесінен босатылған.

Қалған мұнай өндіруші компаниялар шикізатты Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің талаптарына сəйкес «ішкі нарық, содан кейін экспорттау» қағидаты бойынша жібереді.

Vitol компаниялар тобы (компаниялар тобының үлестес құрамы ашық көздер негізінде анықталды - Vitol SA, Vitol Central Asia B.V., Euro Asian Oil AG) дəл осы кезеңде 75,6 млн. тонна қазақстандық шикізатты немесе жалпы экспорттың тек 10%-ын сатып алған, яғни мұнайды экспортқа сату нарығында «қомақты» үлесін немесе ел нарығының төрттен бірін иеленеді деген мəлімдеме расталмады.

Анықтама үшін: ҚМГ-мен бірлескен кəсіпорындар - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» БК» АҚ, ірі жобалар операторлары - «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» Vitol тобы қазақстандық мұнайды сатып алу объектілері болып табылады.

ҚМГ 100% қатысуымен өндіруші компаниялардың («Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ жəне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС) мұнай сатылымы бойынша операцияларына жүргізілген талдау Vitol тобының сату үлесі де шамалы екенін көрсетті. Ол 2009-2019 жж. 1,233 млн. тоннаны немесе осы топтың жалпы экспортының 2% құрады, бұл көлемнің 98% немесе 63,673 млн. тоннаны ҚМГ 100% еншілес компаниясы KMG Trading AG сатқан.

Қазақстандық мұнайды экспорттауға байланысты операцияларға Қаржы министрлігі трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы сақтау тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

Министрліктің мəліметінше, Қазақстаннан Еуропа елдеріне, соның ішінде Vitol компаниялар тобы мұнайды Argus Media жəне Platt халықаралық жарияланымдарымен бірге ашық негізде экспорттаған, бұл мұнайдың төмен бағамен экспортталуы туралы қорытындылар мен қазақстандық мұнай экспорттаушыларының салық базасын жасанды түрде төмендетеді деген тұжырымдарын жоққа шығарады.

Тұтастай алғанда, есепті кезеңде мұнай сатудан, соның ішінде экспортқа шығарудан бюджетке 33 триллион теңге салық түскен.

Сондай-ақ басылымдарда көрсетілген деректер, соның ішінде Т.Құлыбаев пен басқа да тұлғалардың қатысуымен Қазақстан мұнайына байланысты заңсыз жолмен алынған кірістердің болғаны туралы жағдайлардың 2010-2013 жылдар аралығында Швейцария прокуратурасының бірқатар қазақстандықтардың өтініштері негізінде заңсыз операциялар бойынша тергеу жүргізгенін атап өткен жөн.

Қазақстанның құқық қорғау органдары аталған іс бойынша құқықтық көмек көрсету аясында Швейцария Конфедерациясының Бас федералды прокурорының сауалына сəйкес объективті тергеуді ұйымдастыру үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынды. Материалдарды қарау нəтижелері бойынша Швейцария прокуратурасының тергеуі қылмыстық қудалау үшін негіз болмағандықтан тоқтатылған.

Осылайша Батыс баспасөзінде бірқатар авторлардың Қазақстан мұнайын экспорттаудағы заң бұзушылықтар, қандай да бір келісімнің болуы, монополиялық жағдай жəне Vitol компаниялары тобына негізсіз артықшылықтар беру туралы жариялаған «деректері» шындыққа жанаспады. Қаржы министрлігі жүргізген тексеру барысында соңғы 5 жыл ішінде ірі салық төлеуші заңды тұлғалар төлеген салықтарға мониторинг жасалды. Кірістерді талдау мемлекеттік жəне квазимемлекеттік сектордағы 30 салық төлеушінің ішінен, сондай-ақ Қазақстанда бизнесі бар ірі акционерлерге тиесілі тікелей немесе жанама түрде үлесі бар компания топтарынан тұрады.

2015-2019 жылдардағы кіріс мөлшері 30 топ бойынша 45 606 916 млн. теңгені құрады, бұл республика бюджетіне түсетін салық түсімдерінің жартысына жуығын (48,7%) құрайды (тізім қоса беріледі).

Талданатын басылымдарда мүдделері қозғалатын Т.А. Құлыбаевтың компаниялар тобы «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялар деңгейінде бірге алынған салықтарды төлейді.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі Т.Құлыбаевтың жеке тұлға ретінде 2015-2020 жылдары төлеген салығы туралы ақпарат берді. Жыл сайынғы декларациялар негізінде жеке табыс салығы бойынша кірістің жалпы сомасы 12,195 миллиард теңгені құраған.

Осы кезеңдегі жеке тұлғалардан түсетін салық түсімдерін талдау бұл салық төлеушінің Қазақстанның 50 ірі салық төлеуші жеке тұлғаларының рейтингісінде бірінші орында екенін көрсетеді.

Екінші. Бірнеше шетелдік басылым авторларының айтуынша, «Vitol S.A. компаниясы Теңіз бен Қашағаннан мұнай сатып алуға ҚМГ-мен бірлесіп 5,2 млрд. АҚШ долларын жұмсаған».

Шынында да, 2016 жылы ҚМГ тобы мұнай экспортына байланысты Vitol S.A. қатысуымен бірқатар ірі мəмілелер (оларға 2017-2018 ж.ж. толықтырулар енгізген) жасаған.

Осы келісімдердің талаптарына сəйкес Vitol S.A. ҚМГ тобына Қашаған, Теңіз жəне басқа да кен орындарындағы Қазақстан үлесін болашақта жеткізуге 6,4 млрд. АҚШ долларын берген. Мəмілеге «ҚМГ Қашаған Б.В.», «Теңізшевройл» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ жəне «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ компаниялары қатысқан.

Осы мəмілелерді ҚМГ ішкі корпоративтік материалдарына сəйкес жүзеге асыру туралы шешім қаржылық тұрақтылықты, қарызды қайта қаржыландыруды, сонымен қатар ҚМГ компаниялар тобының қарызының өсуіне жол бермеу қажеттілігіне негізделген.

Анықтама үшін: ҚМГ кірістері 2014 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты қатты төмендеді, ҚМГ несиелік құжаттамаға сəйкес жаңа қарыз міндеттемелерін қабылдауға шектеулер қойды. Халықаралық бухгалтерлік есеп бойынша аванс беру борыштық құрал емес деп түсіндіріледі.

Тұтастай алғанда, оларды жасау ҚМГ айрықша құзыреті болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейді жəне халықаралық практикаларға сəйкес келеді.

Бұл ретте ҚМГ жетекші халықаралық компаниялардың (Glencore UK LTD, Trafigura Pte, VTB Capital, Mercuria UK LLP, Mitsubishi Corporation) қатысуымен ашық тендер негізінде трейдерді таңдау туралы шешімі бəсекелестік орта жағдайында мəмілелер жасасуға мүдделілігін куəландырады.

Сонымен бірге тексеру барысында алынған қаражат корпоративтік мүдделерге, соның ішінде Қашаған жобасындағы 8,48% үлесті сатып алуға байланысты 2,4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қарызды өтеуге, сондай-ақ ҚМГ несиелеріне қызмет көрсетуге жұмсалғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аванстық қаражаттың көп бөлігі, яғни 6,4 млрд. АҚШ долларының 5 млрд немесе 78% өтелді, бұл ұлттық компанияның мəміледегі мүдделерінің сақталғандығын білдіреді.

Жоғарыда аталған басылымдардағы журналистердің жазғандарын ескере отырып, Vitol компаниялары тобының Теңіз жəне Қашаған кен орындарындағы мұнайға айрықша рұқсаты туралы тұжырымдары осы мəмілелерді жасасудың нақты жағдайларына негізделмеген жəне тексеру барысында расталмаған.

Контрагентті таңдау кезінде жəне ҚМГ тарапынан аванстық төлемдермен мəмілелер жасасу кезінде ешқандай заң бұзушылықтар орын алмаған.

Үшінші. Кейбір ақпарат көздері «ҚазРосГаз» ЖШС (Қазақстан-Ресей бірлескен кəсіпорны, ҚМГ - 50% жəне «Газпром» ААҚ - 50%) арқылы Қазақстан газының делдалдар арқылы экспортқа арзан бағамен сатылғаны жəне осыған байланысты орын алған заң бұзушылықтар туралы мəліметтерді жариялап жүр.

Тексеру барысында төмендегілер анықталды.

«ҚазРосГаз» ЖШС (бұдан əрі - ҚазРосГаз) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2001 жылғы 28 қарашадағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы ратификацияланған келісімнің ережелерін орындау мақсатымен құрылған.

2006 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтері арасында екі елдің парламенттері ратификациялаған жəне тараптардың орындауы үшін міндетті халықаралық құқықтық шарт мəртебесіне ие Орынбор газ өңдеу зауыты негізінде шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ҚазРосГаздың қызметі Қарашығанақ мұнай жəне газ конденсаты кен орнында өндірілген газды пайдаға жаратумен, оны Орынбор газ өңдеу зауытында (бұдан əрі - OГӨЗ) қайта өңдеумен жəне Қазақстанның ішкі нарығына сатумен немесе қалдық принципіне сəйкес экспортқа шығарумен байланысты.

Өнімнің негізгі бөлігі қарсы жеткізілім арқылы халықты жəне экономиканы газбен қамту үшін Қазақстанның ішкі нарығына түседі (СВОП - операциялары, бұл операциялар Азаматтық кодекстің 128-4-бабымен реттеледі (Жалпы бөлім)).

Анықтама үшін: Қазақстанның оңтүстік облыстарына, Қостанай жəне Батыс Қазақстан облыстарына газ жеткізуде болатын үзілістерді шешіп, газдың тұрақты бағасын ұстап тұру үшін 2007 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жəне «Газпром» КАҚ 2006 жылғы 27 желтоқсандағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Газпром» ААҚ жəне «Узбекнефтегаз» НХК арасындағы Табиғи газды қарсы жеткізу туралы келісім аясында газды қарсы жеткізуді (СВОП - операциялар) жүзеге асырады:

- «Газпром» КАҚ жəне/немесе оның уəкілетті ұйымдары Ресей Федерациясы/ Қазақстан Республикасы шекарасында ресей газын, Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасындағы өзбек газын - «ҚазТрансГаз» АҚ-ға Қазақстанның ішкі нарығына жеткізу үшін тасымалдайды;

- ҚазРосГаз атынан ҚМГ ҚР/РФ шекарасында («Александрой Гай» ГАЖ) өңделген Қарашығанақ газының бірдей мəнді көлемін жеткізуді жүзеге асырады.

«Газпром» КАҚ-дан Ресей жəне/немесе өзбек газын Қазақстанға жеткізу мен ҚМГ Қарашығанақ газын қарсы жеткізу Қазақстанның ішкі нарығындағы газ бағасын ұстап тұру мақсатымен нарықтық бағадан төмен баламалы бағамен сатылады.

Қарсы жеткізілімдер бойынша мəмілелер шеңберінде Қарашығанақ газының бағасы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңға сəйкес тікелей үкіметаралық келісімдермен реттеледі жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі.

Мұндай жағдайларда газ бағасын белгілеу кезінде мемлекеттің заңнамасы мен мүдделерінің бұзылуы алынып тасталады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ОГӨЗ-да өндірілген 7,8 млрд м3 тауар газының СВОП-операциялары арқылы ішкі нарыққа 6,94 млрд м3 (Маңғыстау облысына - 2,15 млрд м3, Қостанай облысына - 0,87 млрд м3, оңтүстік өңірлерге - 2,71 млрд м3., БҚО - 1,2 млрд м3) немесе 88% жеткізілген.

Коммерциялық экспорт көлемі бар болғаны 0,756 млрд. текше метрді құраған (ҚазРосГаз газды тек «Газпром» КАҚ-ның уəкілетті ұйымы - Газпром Gazprom Schweiz AG Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасында газ тасымалдау шартымен сатады).

ҚазРосГаз қызметіне жасалған талдау оның құрылған сəтінен бастап Қарашығанақ газы мен газ өңдеу өнімдерін сатудан түскен кірісінің 11,3 млрд. АҚШ долларын құрағанын көрсетті.

ҚазРосГаздың 2007 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі қызметінен түскен таза пайда 4,101 млрд. АҚШ долларын, ал ҚМГ дивидендтері - 2,020 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Осылайша ҚазРосГаз компаниясының Қазақстан газын делдалдар арқылы экспортқа арзан бағамен сатуы туралы ақпарат тексеру материалдары арқылы расталмады əрі шындыққа сəйкес келмейді.

Төртінші. 2017 жылдан бастап ҚМГ тобының шетелдік еншілес компаниясы - «TH KazMunaiGas AG» (бұдан əрі - Компания) Қазақстан азаматтарының жеке шығындарын қаржыландырумен айналысқандығы туралы жарияланымдар тарай бастады. Атап айтқанда, олар 2010 жылы орын алуы мүмкін заң бұзушылықтар туралы жазған.

ҚМГ ұсынған материалдарды зерттеу барысында төмендегілер анықталды.

TH «KazMunaiGaz AG» 2006 жылы Швейцария Конфедерациясының Тичино кантонында, Лугано қаласында тіркелген (Швейцарияда кеңсе ашу халықаралық банктер мен əлемдік ұйымдардың сауда кеңселерін табуға негізделген).

Компания халықаралық нарықта мұнай жəне мұнай өнімдерімен сауда жəне маркетингтік қызметті жүзеге асырған «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ (бұдан əрі - ҚМГ СҮ) - TH «KazMunaiGaz Holding S.A.» холдингінің («TH KazMunaiGaz Middle East», «TH KazMunaiGaz AG», «TH KazMunaiGaz Ukraine», «TH KazMunaiGaz China») батыс желісінің бір бөлігі болып табылады.

2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін TH «KazMunaiGaz AG» ҚМГ Сауда үйінің маркетинг бөлімі болды.

ҚМГ шешімімен 2012 жылғы мамырда мұнай саудасы Vector Energy AG компаниясына (Rompetrol-дың еншілес кəсіпорны) берілді жəне осы уақыттан бастап TH «KazMunaiGaz AG» өз қызметін тоқтатты.

Осыған байланысты 2014 жылғы 7 ақпанда «ҚазМұнайГаз» - өңдеу жəне маркетинг» АҚ (ҚМГ Сауда үйінің мұрагері) директорлар кеңесі «ТН «KazMunaiGaz» АG» ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдады.

Компанияның қаржылық есебін жыл сайын Ernst & Young халықаралық аудиторлық компаниясының Швейцариядағы кеңсесі тексеріп отырған, олар қаржылық тəртіпті бұзбай, қаражатты асыра пайдаланбай жəне бюджеттен тыс шығынсыз есеп берген.

Осыған байланысты тексеруге ұсынылған қаржылық құжаттама мен аудиторлық қорытындылар аясында үшінші тұлғаның жеке шығынын

қаржыландыру мүмкіндігі тұрғысынан «KazMunaiGaz AG» TH қызметінде заң бұзушылықтар байқалмады.

Тексеру нəтижелері туралы толық ақпарат қоса беріледі.

Қомысша: 10 парақта.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының м.а. Е. Кененбаев