КЕСЕБАЕВА
Балаим
Туғанбайқызы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Еркін форматтағы кездесуде білім, мәдениет саласына қатысты мәселелер мен ұсыныстар айтылды.

Отырыста кеңес мүшелері Қорқыт Ата атындағы мұражайды республикалық қорық мұражайға беру, мектептегі педагог емес мамандардың (жұмысшылардың) жалақасын көтеру, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарда білім алатын бітірушілердің Ustudy тесттен өтуін жеңілдетуді қарастыру, Қорқыт Ата атындағы университеттің ғимараттарына жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылмауы, Қазақстанды «Қазақ елі» етіп өзгерту ұсынысы, жастарды патриоттық тәрбиелеу және қазақ тілі мәртебесі туралы мәселелерді қозғады.

Жастарды патриоттық тәрбиелеуге ерекше мән беру, олардың өз біліктілігін арттыру мен табысты тұлға болып қалыптасуға ізденуі, өзін-өзі дамытуды қолға алуы өмір талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретіндігі туралы өз пікірімді білдірдім.

“Жас талды” қалай баптасаң, солай өсетіндігі сияқты, білімге құштар жастарды қолдап, дер кезінде дұрыс бағыт-бағдар беру өте маңызды.

#deputatAMANAT