КЕСЕБАЕВА
Балаим
Туғанбайқызы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

✅Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің моральдық, психологиялық, идеологиялық, кәсіби және физикалық дайындығының жай-күйі маңызды болып табылады. Осыған орай, депутаттармен құқық қорғау органдарында осы жұмысты күшейтуге бағытталған бірқатар түзетулер ұсынылды.

Заң жобасына сәйкес түзетулер:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы;
2) күштік құрылымдардың шешім қабылдаудағы дербестігін күшейту және олардың басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселелерін шешу;
3) ерекше қиын жағдайларда қызметкерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Бұл - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің бір бөлігі.

Қызылорда қаласында облыстық полиция басқармасында полиция қызметіне сервистік модель енгізу шараларымен таныстық.

Полицияның сервистік моделі – құқық бұзушылықтың алдын алу, көмек көрсетуге дайын болу және халықпен сенімге негізделген қатынас орнатуға бағытталған жоба.

Сервистік модельді енгізуде үш негізгі бағыт белгіленеді:
Біріншісі, - азаматтардың полициямен байланысын жеңілдетуге бағытталған жұртқа жақын полиция болуы.

Бұл учаскелік пункттерді, мобильді бекеттерді оңтайлы орналастыру, цифрлық технологияларды қолдануды қамтиды.

Осыған байланысты, “AMANAT” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» салауатты бағдарламасының жол картасында, жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасын, соның ішінде автокөлік құралдары және компьютерлік техникамен қамтамасыз ету көзделген.
Бұл ретте, облыста учаскелік пунктпен қамтылмаған 20 елді мекен жол картаға енгізіліп, биылдан бастап жылына �5 учаскелік пунктін салу жоспарланды, қазіргі таңда сметалық есеп жұмыстары жүргізілуде.

Екіншіден, - ықтимал қатерлерді уақтылы жою арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Үшіншіден, - халықпен тығыз серіктестік, яғни қауіпсіздік мәселесін жергілікті қоғамдастықтың белсенді қолдауымен тиімді шешу болып табылады.

Мұның барлығы - полицияның сервистік моделі тұрақты жұмыс істеп, сенім сақшыларының құқық бұзушылықтың алдын алуды жоғары деңгейде жүргізуі үшін атқарылған іс-шаралар.

#deputatAMANAT