КЕСЕБАЕВА
Балаим
Туғанбайқызы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
🗒ШАҒАНДЫҚТАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

🗒ШАҒАНДЫҚТАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

Қызылорда өңіріндегі жұмыс сапарым бүгін Сырдария ауданында жалғасын табуда.

Шаған ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл азаматтарының ұсыныс-тілектерін тыңдадым.

🏥 Ауылдың ақсақалы Рамазан Ақанұлы алдымен аурухана жағдайын айтты. 5000- нан астам тұрғыны бар ауылды қамтамасыз ететін шағын аурухана немесе амбулатория қайтадан ашылса деген ұсыныс білдірді.

Сондай- ақ кездесуде ауыл азаматтары жер, су министрлігін құру, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына субсидия беру және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына берілетін мектеп формасының сапасы сын көтермейтіндігі жайында талап-тілектерін айтты.

Басқосуға Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары
Г.А. Бимендина арнайы қатысып, жер мәселесіне қатысты сауалдарға жауап берді.

Тұрғындар тарапынан түскен әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайды, олардың заң аясында шешілуі әрдайым бақылауда болады.

#deputatAMANAT