Бүгін Мемлекет басшысы Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл елімізде жүргізіліп жатырған конституциялық реформаның заңды жалғасы.
Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетіндігі белгіленді.
Ендігі кезекте Парламентті жоғары өкілді орган ретінде күшейту мақсатында практикада мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлау мүмкіндігін беру үшін: Парламент Мәжілісіне – мажоритарлық жүйе бойынша депутаттардың 30%-ы, партиялық тізімдер бойынша – 70%-ы; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына-мажоритарлық жүйе бойынша – 50%-ы, партиялық тізімдер бойынша – 50%-ы; аудандар мен қалалардың мәслихаттарына - мажоритарлық жүйе бойынша аралас сайлау жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады.
Реформа шеңберінде жергілікті өзін – өзі басқару жүйесі нығайтылуда – бұл азаматтардың өз елді мекенінде өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей қатысуы үшін базалық негіз.
Республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыстың, аудандар мен қалалардың мәслихатына сайланудың жаңа жүйесі азаматтардың Парламенттің жоғарғы палатасына нақты қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Енді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттарының жартысы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, ал қалған жартысы партиялық тізімдер бойынша сайланатын болады. Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын болады.
Мұның барлығы өкілді биліктің ашық бәсекеде жасақталуына жасалған нормалардың іс жүзіне асырылуын көрсетеді.
Бұл еліміздің өкілді билігіне жаңашыл көзқараспен жаңа тұлғалардың келуіне мүмкіндік береді.
Мемлекетшіл тұлға ретінде Мемлекет басшысының шешімін қолдаймын және алдағы саяси аренадағы өзгерістер халық игілігі үшін оң нәтижелер әкелетініне сенемін.