КЕСЕБАЕВА
Балаим
Туғанбайқызы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Бүгін Мәжіліс қабырғасында Бас Прокурордың, Премьер-Министр орынбасарларының, Ішкі істер министрінің, басқа да құқық қорғау органдары, бизнес пен қоғамдық бірлестіктер, еріктілер өкілдерінің қатысуымен «Қаңтар оқиғасы» бойынша арнайы екінші рет тыңдау өтк

--🔺Бүгін Мәжіліс қабырғасында Бас Прокурордың, Премьер-Министр орынбасарларының, Ішкі істер министрінің, басқа да құқық қорғау органдары, бизнес пен қоғамдық бірлестіктер, еріктілер өкілдерінің қатысуымен «Қаңтар оқиғасы» бойынша арнайы екінші рет тыңдау өткізілді.

Бейбіт күн мен бейқам жағдайда басымызға түскен бұл сұмдық жағдайлар тарихта өшпес із қалдырды, халық көкейінде көп сұрақты туындатты.

Осыған орай тыңдауға Қаңтарда болған жайттар, нақты фактілер барынша толық, егжей-тегжейлі айтылуы үшін Мәжіліске оқиғаның бел ортасында болған азаматтар да шақырылды.

Тыңдау барысында «Қаңтар оқиғасының» нақты жоспарланған, ауыр қылмыс екенін дәлелдейтін фактілер жеткілікті екендігі мәлімденді.

Бұл жайттар Бас прокурордың баяндамасында да толық қамтылды.

Нақты айтқанда, бүгінде қаңтардағы оқиғалардың негізгі себеп-салдары белгілі деуге болады.

“Қаңтарды” ұйымдастырушылардың көздегені – кез келген жолмен билікті басып алу.

Дегенмен, болған оқиғаны бұрмалап, халықта негізсіз пікірлер қалыптастырып отырған ақпараттық шабуылдар кең етек алып отыр.

Бұл билік өкілдері мен халық арасындағы сенімге кері салдарын тигізеді.

Сондықтан ресми ақпараттарды қоғамға дұрыс жеткізу маңызды.

Бір жыл бұрын орын алған ауыр кезеңде біз Мемлекет басшысының дер кезінде шұғыл шешімдерді қабылдап, елмен бірге болуының арқасында бұл сын-қатерден өттік.

Ендігі кезекте елдігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайту жолында алдымыздағы зор міндеттерді іске асыруға баршамыз бірлесуіміз қажет.

Бірлігі бар елдің, белін ешкім сындырмас.