Кеше Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігіне барып, Төтенше және Өкілетті Елші Чжан Сяо мырзамен кездесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттық корпусының атынан Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы, саяси қайраткері, біртуар тұлғасы Цзян Цзэминь мырзаның өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айту кітабына жазба қалдырдым.
Қытай – біздің маңызды стратегиялық әріптесіміз. Цзян Цзэминь мырзаның Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында қосқан үлесі орасан зор.
Қазақстан – Қытай достығы нығая береді деген сенімдемін.