🔹Бүгін Ашхабад қаласында Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының 2022 жыл бойынша қорытынды отырысы өтті.
2020 жылдың желтоқсанында құрылған Диалог жаңашыл қадам болды және әйелдер саясатын ілгерілетуде ынтымақтастықты нығайтуға, потенциалдарды біріктіруге мүмкіндік беріп, әйел көшбасшылардың батылдығын, адалдығын көрсетті.
Сонымен қатар, Диалог - бұл әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ең жақсы тәжірибелердің бірі, пікір мен тәжірибе алмасудың тиімді платформасы.
Осы іс-шарада біз әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқыладық. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің БҰҰ бітімгершілік және келіссөздер миссияларына қатысуына қатысты қарарларына ерекше назар аударылды.
Бейбітшілік пен қауіпсіздік әйелдер мен қыздарға қатысты гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюды да білдіреді.
Айта кету керек, бүгін Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогында Түрікменстанның төрағалығы аяқталып, келесі жылы Қазақстан диалогқа төрағалық етеді.
Қазақстанның да мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тиісті қарарларын, әйелдердің шешімдер қабылдау деңгейінде кеңінен қатысуын іске асыру жөніндегі қабылданған жоспарды толық жүзеге асыруға бағытталған.