Құлшар
Мәлік
Иманқұлұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Құлшар Мәлік Иманқұлұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

1960 жылы Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан) Жәнібек ауданында дүниеге келген.

1982 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірді.

1982-1984 жылдары – Орал облысы, Жәнібек ауданы, Абай атындағы мектеп-интернатының оқытушысы.

1984-1993 жылдары – Жәнібек аудандық, Батыс Қазақстан облыстық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, бірінші хатшы.

1993-1996 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінде аға референт, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1996-1998 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық «Балдырған» балалар қорының атқарушы директоры.

1998-2001 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2001-2004 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары.

2004-2007 жылдары – Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының әкімі.

2007-2020 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Отбасылы, 2 қызы бар.