Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
«Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының» атқарушы директоры және «Инновацияға арналған Серіктестік»бағдарламасының директорымен кездесу

6 шілде күні Алматы қаласында «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының» атқарушы директоры Жамила Асановамен және «Инновацияға арналған Серіктестік»бағдарламасының директоры Қайша Атахановамен кездесу өтті.

Қазақстанда мықты азаматтық қоғам қалыптасты. Бүгінде үкіметтік емес сектор Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында демократиялық өзгерістердің белсенді әрі тікелей қатысушысы болып табылады.

Кездесу барысында азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ағымдағы жағдай туралы ашық әңгіме болды. Қазіргі заманның жаһандық және өңірлік сын-тегеуріндері аясында үкіметтік емес сектордың жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығы расталды.

«Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» әлеуметтік және экономикалық даму бойынша ұлттық, өңірлік және халықаралық бағдарламаларды кәсіби түрде жоспарлап, басқарады. Бұл үкіметтік емес ұйым үшін Орталық Азия, ТМД және Оңтүстік Азия елдері басым аймақтар болып табылады.