Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Қарасай ауданының Әйтей ауылындағы мектепке бардық

Қарасай ауданының Әйтей ауылындағы мектепке барып келдік. Бұл мектепті былтыр BI Group құрылыс компаниясы салған. Мектепте балалардың білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Дәретханалары ғимарат ішінде, білім алу үдерісін бөліп, далаға шығудың қажеті жоқ. Сондай-ақ бұл білім ордасында инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Яғни қандай да бір ерекшеліктерге қарамастан, осы мектепте барлық балалар бірдей білім ала алады.

Біздің ойымызша, осындай мектептер әрбір ауылда салынуы тиіс.