Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Талғар қаласында азық-түліктің бағаларын көру үшін орталық базарына бардық.

Талғар қаласында азық-түліктің бағаларын көру үшін орталық базарына бардық.

Қазіргі таңда картоп бағасы - 200 теңге, сәбіз - 400 теңге, қызанақ - 400 теңгені құрайды.

Көкөністердің бағалары тұрақтанғаны аса қуантады.

Күнбағыс майына ғана жоғары бағалар сақталуда. Бұрын 2500 теңге тұратын 5 литр тазартылған күнбағыс майы қазір - 4800 теңге екен.

Бұл күрделі мәселені шешу үшін Алтын Орда базарының басшылығымен өнімдерді тікелей осында жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде, өйткені қазір азық-түлік өнімдер Талғарға 4-5 делдал арқылы келеді екен.

Кәсіпкерлер пандемиядан туындаған дағдарысты жеңе алмағандары себебінен көптеген базар сөрелері жабылғандары да өте өкінішті .

Айтпақшы, келе жатқан Құрбан айт мерекесіне қатысты Талғар ауданының әкімі Қайдар Абдыханов азаматтардың ыңғайлылығы үшін мал союға арналған қасапханаларды жаппайтынын айтты.