Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Талғар ауданындағы 2 жол учаскесінің құрылыс барысымен танысып қайттық.

Талғар ауданындағы 2 жол учаскесінің құрылыс барысымен танысып қайттық.

Жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр, жұмыс барысы қанағаттанарлық. Жобаны жүзеге асыруда заманауи технологиялар қолданылып жатыр. Жолдың құрылыс жұмыстары жолды капиталды төсеу, балласт салу, арықтар торабын салу, жол жиектастарын жасауды қамтиды. Арық жүйесі Талғар ауданы үшін өте маңызды, себебі бұл өңірден талай тау өзендері ағып өтеді, кейде таудан тасқын сулар да ағады. Сол себептен, арықтар торабын ойластырып сапалы салу - жолдың қауіпсіздігіне әсер ететін аса маңызды шарт.

Бұл жұмысты Алматы облысының құрылыс компаниясы жүргізіп жатыр. 218 жұмыс орны бөлінген жобаға Талғар ауданының жұмыспен қамтылмаған тұрғындары тартылғаны қуантарлық жайт.