Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Еуропарламенттегі әріптестерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 12 қазан, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Снежанна Имашева, Айдос Сарым, Айжан Сқақова және Андрей Линник Бельгияда өткен "Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ" (ҚР-ЕО) парламенттік ынтымақтастық комитетінің кезекті 18-ші отырысына қатысты.

Іс-шара барысында ҚР-ЕО желісі бойынша болашақ ынтымақтастық үшін бірқатар перспективалық бағыттар туралы айтылды.

Атап айтқанда, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, экология және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мәжіліс депутаттары еуропалық әріптестерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі саяси бастамалары, коронавирус пандемиясы жағдайындағы Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешені, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі жайынан хабардар етті.

Өз кезегінде, Еуропалық Парламент депутаттарының тарапынан еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, өлім жазасын жоюға, сайлау заңнамасын жетілдіру сияқты қазақстандық саяси реформаларға жоғары баға берілді.   (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04).

_________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі

Ақпарат көзі: https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49000/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі