Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Ұлттық ұланға қатысты Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, 10 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шара Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының ғимаратында өтіп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» заңның іске асырылу барысына арналды. Көшпелі отырысқа Мәжіліс депутаттары, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, Қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің басшылығы мен Ұлттық ұланның жоғары басшылық құрамы қатысты. Отырысты ашқан Айгүл Құспан ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету мәселесі ел басшылығының ерекше бақылауында тұратынын атап өтті. Іс-шарада Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар үшін стратегиялық құжат болып табылатын Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілді. Айта кету керек, соңғы уақытта елімізде ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Көшпелі отырыс барысында Мәжіліс депутаттары заңнамалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметтік-жауынгерлік қызметінің өзекті мәселелерін, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техникамен жарақтандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелерді көтерді. Көшпелі отырыс барысында айтылған ұсыныстар Үкіметке жіберілетін ұсыныстардың негізіне айналып, одан әрі тиісті заңнаманы жетілдіру шеңберінде талқыланатын болады.   (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов). Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі

_________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі

Ақпарат көзі: https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id48536/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі