Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңының жобасы мен оның ілеспе заң жобасымен таныстыру бойынша онлайн-отырыс өтті.

Заң жобаларында қарастырылатын өзгерістерді енгізуді 2021 жылғы 15 қаңтарда өткен жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұсынды.

Сайлау заңнамасына өзгерістерді енгізу Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарымен қарастырылғанын да ерекше атап өту қажет.

Қаралып отырған түзетулердің ішінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу,  Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7% - дан 5% - ға дейін төмендету, сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу сияқты мәселелер бар.

Заң жобаларын қарау мен талқылау ашық, халыққа қолжетімді түрде өтеді, отырыстарда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ешқандай шектеусіз қатыса алады, отырыстар тікелей эфирде Мәжілістің ресми сайтында және Youtube желісінде көрсетіледі.

Бүгін бірінші отырыс болса да, көптеген өзекті мәселелер көтерілді, алдағы отырыстарда да сайлау туралы заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында маңызды мәселелер шешілетін болады деп үміттенемін.

Мен, өз кезегімде, әкімдердің сайланбалылығы ауылдарға жаңа өмір дем беріп, оны жандандырып, жастардың ауылға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететіне кәміл сенемін.