Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Ұлы Люксембург Герцогтігінің мемлекеттік наградасымен марапатталдым

Нұр-Сұлтан, 3 желтоқсан, Мәжіліс Үйі.

Қазақстан мен Ұлы Люксембург Герцогтігі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан "Емен тәжі орденімен" марапатталды. Люксембургтің беделді марапатын қазақстандық парламентарийге Қазақстандағы Люксембург елшісі Жорж Фабер табыс етті.

"Емен тәжінің орденін" 1841 жылы Нидерланд Королі және Люксембург Ұлы Герцогы ІІ Вильгельм бекітті. "Емен тәжі орденімен" адамдар Люксембург халқына ерекше азаматтық және әскери қызметтері үшін марапатталады.

Ерекше жағдайларда орден шетел азаматтарына берілуі мүмкін.

- Люксембургте қызмет атқарған  жылдар ішінде Сіз екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына белсенді үлес қостыңыз. Люксембург пен люксембургтіктер Қазақстанды мәдениет пен туризм саласында болсын, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан болсын, оның барлық алуан түрлілігінде жақсы тани алды. Сіз сондай - ақ Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақтың жақындасуына  ықпал еттіңіз, - деді Жорж Фабер марапатты табыстай отырып.

Сонымен қатар, дипломат Қазақстанның Люксембургпен өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда өзара іс-қимылының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.


(Мәжілістің баспасөз қызметі, 74-68-44)

_________________________________________________________

Материалдарды кез келген пайдалануға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде жол беріледі.

Дереккөз: https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id49122/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі