Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН-СУОМИ

ҚАЗАҚСТАН-СУОМИ

Ұлттық Парламентімізде халықаралық кездесулерге үлкен мән беріледі. Парламентаралық дипломатия ел аралық байланыстарда ең бір ықпалды қарым-қатынас десе болғандай.

Осы орайда біз бүгін Мәжілісте фин парламенті – Эдускунта делегациясын қабылдадық. Оны басқарып келген Финляндияның көрнекті саяси қайраткері, Орталық Азиямен парламентаралық достық тобының төрағасы Киммо Килюнен мырза болды.

Біздің тараптан екі жақты жүздесуге менің әріптестерім Ғалым Әміреев пен Данияр Әлімбаев қатысты. Ғ.Әміреев Мәжілісте Финляндиямен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топты басқаратынын айта кету орынды.

Екі достас елдің депутаттары екіжақты форматта да, халықаралық парламенттік бірлестіктер шеңберінде де тығыз және жемісті өзара іс-қимыл жасайтыны көңіл қуантады. Бұл ынтымақтастық алаңдары арасында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Парламентаралық Одақ бар екенін атап көрсету маңызды.

Бұл ретте Финляндия мен үшін де етене таныс ел екенін айтуға тиіспін. Маған Хельсинкиге жұмыс бабымен жиі бару мүмкіндігі туды және жоғары кәсіби фин дипломаттарымен тығыз қарым-қатынас жасап, қоян-қолтық қызметтес болғаныма бақыттымын.

I ❤️ Suomi

✍****

Анықтама: Финдер өз елін Суоми деп атайды. Оның мағынасын лингвистер «батпақты жер» деп түсіндіріп жатады. Яғни батпақ бұл ылғалды жер, ендеше ол мағыналық тұрғыдан сулы деген сөзімізге ұқсас. Олай дейтінміз ғылымда фин-угор, түркі-моңғол және тұңғыс-манчжур тілдерінің түпкі төркіні бір ата тіл деген Алтай гипотезасы бар.

Кім біледі финдер де алыс туысқанымыз шығар!

#mazhilis_kz