Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Несиелік алаяқтардың көбею мәселесіне қатысты депутаттық сауал

Бұл депутаттық сауалымды «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының
5-тармағының аясында жариялағанымды атап өту қажет. Аталған тармақта 2023 жылға дейін банктік емес кредиттік ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру, соның ішінде, жаңа технологиялық шешімдерді ескере отырып, қарыз алушыларды қашықтан сәйкестендіру рәсімдеріне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
М.Е. Әбілқасымованың Ресейде қаралып жатқандай, өздерінің атына алаяқтарға кредиттерді аштыртпау үшін азаматтардың «ерікті түрде тыйым салу» құқығын іске асырудың техникалық мүмкіндіктерін қарастыруы, сондай-ақ, кредиттік мекемелерді алаяқтардың қарыз алу үшін басқа адамдардың дербес деректерін пайдалануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдауға міндеттеуі қажет.