Линник
Андрей
Григорьевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Бас прокуратурада комитеттердің көшпелі отырысын өткізді

Жалпы айтқанда, жобаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, жеделдігін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың сапасын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, «Тексеру субъектілері және объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесін 60-тан астам мемлекеттік органдар пайдаланады. Жүйе кәсіпкерлерді бақылаушылар тарапынан негізсіз қысымнан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып саналады. Дәл осы арқылы кәсіпкерлер тексерушілердің әрекеттерінің заңдылығын тексеруге мүмкіндік алады. Ұсынылған жобаларды бағалай отырып, Мәжіліс депутаттары азаматтардың, сондай-ақ бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін олардың маңыздылығын атап өтті.