Нұрманбетова
Жәмилә
Нүсіпжанқызы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Мемлекет басшысы "Шеберлер елі" мүгедектер ҚБ "Green TAL"әлеуметтік шеберханасына барды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өңірлік жұмыс соңында мәжілісмендер "Шеберлер елі" мүгедектер ҚБ "Green TAL" әлеуметтік шеберханасына барды.

Әлеуметтік осал топтардағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін негізгі кедергілер қажетті білімнің болмауы және жұмыс берушілердің оларды жұмысқа жалдағысы келмеуі болып табылады. Дәл осы мәселені шешу үшін 2015 жылы әлеуметтік шеберхана ретінде «Green TAL» кәсіпорны құрылды.

«Green TAL» әлеуметтік шеберханасы халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған (мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалар үйінің түлектері, жалғызбасты аналар, бұрынғы тұтқындар.

Шеберханада 34 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 29-ы әлеуметтік осал топқа жатады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қ. психикалық денсаулық медициналық орталығымен меморандум жасалды. Арнайы білімі жоқ шеберхананың барлық қызметкерлері алдымен оқудан өтеді, содан кейін шеберлер командасына қосылады.

Менің ойымша, қазіргі уақытта қоғам үшін әлеуметтік маңызы бар жобалар көп болуы керек, өйткені олардың арқасында әлеует іске асырылып, халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 24 маусымда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданғанын атап өткім келеді, ол азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, оларға тең мүмкіндіктер жасауға, сондай-ақ осы санаттағы азаматтардың жеке еңбек қатысуы арқылы өндірілетін тауарларды нарықта ілгерілетуге бағытталған.