САРТБАЕВ Бауыржан Мейрамбекұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі 1966 жылы 8 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі: Қарағанды мемлекеттік университеті (1990 ж.);
Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) (1997 ж.)
"Құқықтану", "Мемлекеттік басқару" мамандықтары бойынша
Еңбек өтілі:
ҚР Қаржы Министрліктің "Оңалту қоры" РМК заң басқармасының бастығы (2000-2002);
ҚР Білім министрлігінің "Қаржы орталығы" ММ директорының орынбасары (2000-2002);
"Қазастықтранс" еншілес компаниясының басқарма төрағасы (2003-2006);
Ұлыбританиядағы халықаралық астық Кеңесінде Қазақстанның мүддесін білдіруші өкілі, БҰҰ тендерлеріне қатысқан (2006-2007);
«Номад» ЖШС басқарма төрағасы (2008-2012);
«Сарыарқа» қоры директорының орынбасары (2012-2013);
ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары (2013-2015);
ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры (2015-07.2018);
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі (07.2018-07.2019);
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (07.2019-01.2021)
2021 жылдың қаңтарынан бастап -ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі