Жеке шаруашылықтар ауыл шаруашылығы тауарларының негізгі жеткізушілері екені белгілі. Соңғы онжылдықта олардың ел экономикасындағы рөлі мен маңызы үнемі артып келеді. Шаруа (фермер) қожалықтарының көпшілігіне өндірілген өнімді уақытылы өткізу мәселесі таныс. Осы орайда шаруашылықтар мен құрылғалы отырған көтерме-тарату орталықтарының байланыса көңіл аудару қажет.
Бүгін Қарағанды облысындағы көтерме-тарату орталығы жобасын жүзеге асыру үдерісімен танысу барысында "Астра-Агро LTD" шаруа қожалығына да ат басын бұрдық. Бұл шаруа қожалығының ерекшелігі - картоп тұқымын вируссыз өсіру бойынша арнайы зертханасы. Зертханада тұқымдар 5 жыл көлемінде өсірілуде. Меншікті тұқым қорын өсіру -б ұл отандық ауылшаруашылық өндірісінің болашағы үшін стратегиялық әлеуеті бар көп уақыт пен қаржылай қолдауды қажет ететін процесс. #deputatnurotan