Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әріптестерімен бірге "Шарын" базарын араладық. Нұр-Сұлтан қ.

Бүгін Павловец Л.П., Абаканов Е.Н. және Нурманбетова Д.Н. әріптестерімен бірге "Шарын"базарын араладық.

"Шарын" базары 2003 жылы көтерме-бөлшек сауда үшін ашылған, қазір оның жалпы ауданы 3,021 га құрайды, жалға алушылар саны 360-қа жуық.

Кездесу барысында сатушылармен және сатып алушылармен қазіргі проблемалар туралы талқыланды: - азық-түлік бағасының өсу себептері, ықтимал шешімдер және басқа да мәселелер. Ең бастысы, ең төменгі күнкөріс деңгейіне қажетті өнімдердің тұрақты бағасын қалай сақтау керек. Кейде отандық өндірушілер өз өнімдеріне бағаны басқа елдердің өндірушілеріне қарағанда қымбат қояды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері өткен жылы және осы жылы Мемлекет басшысымен көтерілген болатын. Бұл мәселені қысқа мерзімде шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдіктері айналысатын болады.


https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id49266/1/1

#deputatnurotan