Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі-халықты жұмыспен қамту. Бүгін Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де әріптестерім П. О. Казанцев, Л.П. Павловец, Е. Н. Абаканов және Д. Н. Нұрманбетовамен кездесу өткізілді. Мамандар болашақ жоспарлар туралы айтып, проблемалық мәселелерді атап өтті: - Еңбек нарығындағы кедергілер, іріктеу критерийлері; жұмыс берушілердің жастарды тәжірибесіз жұмысқа орналастыруға қызығушылығының төмендігі; болжамды еңбекақы деңгейінің төмендігі. - Ішкі көші-қон процесі (өңірлерде, оның ішінде ауылдық округтерде жұмыстың болмауы). Осы мәселелердің барлығын біз назарға алдық және күш-жігерімізбен жүйелі негізде шешетін боламыз.