2022 жылғы 17-26 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерде жұмыс жүргізді. Біз әріптестеріміз Л. П. Павловец, Ж.Н. Нұрманбетова, Е. Н. Абакановпен бірге аралау қорытындысы бойынша Нұр-сұлтан қаласының әкімі А. С. Кульгиновпен кездестік.
Қала басшысы бізді қаланың экономикалық даму жоспарымен және елордада жүргізілген жұмыстармен таныстырды.
Кездесу барысында «Amanat» фракциясының депутаттары қала әкімінің алдында сайлаушылармен кездескен кездегі өзекті және проблемалық мәселелерді айтты.
Қала әкімі Көктал-1 елді мекеніндегі ауада және суда күкіртсутегі нормасынан асып кету мәселесін жақын арада шешуге уәде берді және Култегин көшесіндегі тұрғындарының денсаулығына теріс әсер ететін электр желілері ауыстырылады.
Біз өз тарапымыздан қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізуді талап ететін мәселелерді шешетін боламыз, одан әрі Парламент қабырғасында басқа да мәселелер бойынша шаралар қабылдап және талқылаймыз.