Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Достық" алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында және "Цесна – Астық"Концерні" ЖШС-де алдағы референдум бойынша түсіндіру жұмыстары аясында кездесу өткіздік

Бүгін менің әріптесім, депутат Лаззат Рамазанова ханыммен "Достық" алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында және "Цесна – Астық"Концерні" ЖШС-де алдағы референдум бойынша түсіндіру жұмыстары аясында кездесу өткіздік. Кездесу барысында әйелдер үшін зейнеткерлік жасты қысқарту, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша сұрақтар қойылды.Зейнеткерлік жастың қысқаруына байланысты сұрақтар Парламентке тұрақты түрде келіп түсетінін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Үкімет мәселені шешу үшін арнайы құжат әзірлеуде. Содан кейін Үкімет бұл құжатты

Парламенттің қарауына ұсынуы керек.

Медицина қызметкерлері елдегі саяси өзгерістермен жақсы таныс. Әсіресе сарапшы-дәрігердің Раушан Мұхамедқызы ның:" қазір біздің алдымызда болашағымызға тікелей әсер ететін маңызды таңдау тұр" деген сөзін атап өткім келеді. Сарапшы-дәрігер елдің саяси өміріндегі барлық соңғы өзгерістерді бақылап отыратынын, жоспарланған референдум 1995 жылғы өткен референдумдардан өзгеше екенін атап өтті.

Концерн қызметкерлерімен кездесуде талқыланатын тақырыптардың бірі - АӨК-тегі кадр тақыпшылығы. Кездесуде комбайн жүргізушісінің сөздері ерекше есте қалды, ол қазіргі колледждер мен техникалық мектептер комбайншыларды оқытпайды деп шағымданды.Сондай-ақ, қызметкерлер табиғи ресурстарды бөлу туралы мәселеге қызығушылық танытты. Біз әріптестерімізбен бірге Негізгі Заңға енгізілген жаңа түзетулер бұл норманы бекітетінін атап өттік. Яғни, ҚР жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, халыққа тиесілі деп айқындалады.