Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Республикалық референдум қарсанындағы түсіндіру жұмыстарын жалғастырудамыз

Бүгін әріптесіміз республикалық референдум қарсанындағы түсіндіру жұмыстарын жалғастырудамыз. Сондай кездесулердің бірі елордадағы Қазақ технология және бизнес университетіндегі қызметкерлерімен өтті.

Осы жолы да кездесу барысында әйел азаматтардың зейнет жасын қысқарту мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін реформалау аясында алда жаңаша есептеуді қолға алып, Үкіметтің қарауына ұсынатынын айтты. Өз тарапымыздан, бұл бастамалардың заңнамалық базасын жасауға дайын екенімізді айтқым келеді. Сондай-ақ тағы бір кездесу бүгін астаналық цирк қызметкерлерімен өтті. Негізен мұнда да әлеуметтік мәселелер талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы - референдумға келсек, цирк қызметкерлері ұсынылып отырған түзетулер жайында жақсы хабардар екен. Біз өз тарабымыздан бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың жаңарып жатқанын алға тарттық.