Алдағы республикалық референдум жайында халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін біз әріптестерімізбен "Astana Ютария ltd" компаниясының және Президент істері басқармасы жанындағы аурухананың қызметкерлерімен кездесу өткіздік.
Ютария – бұл бұрыннан қалыптасқан бренд. Мұнда тігілген жұмыс киімдерін бүкіл ел бойынша мыңдаған мамандар киеді. Кәсіпорын жақын арада теміржолшылар мен ТЖ министрлігін киіммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Мұнда тек жұмыс киімдері ғана емес, сонымен қатар вагондарға арналған матрацтар және басқа да қажетті өнімдер шығарылады.
Сондай-ақ, бүгін Президент Істері басқармасы жанындағы аурухана қызметкерлерімен кездесу өтті. Оған Мәжіліс депутаттары мен өңірлік партия штабының мүшелері А. Т. Бимендина мен А.Гиберт қатысты.Президент Істері жанындағы аурухана - бұл осында тіркелген контингентке медициналық көмектің барлық түрлері ұсынылатын ірі медициналық орталық.
Бүгін кездесулер барысында Конституцияға жоспарланған түзетулер мен өзгерістер туралы айту үшін кәсіпорындардың әдеттегі күн тәртібіне өзгерістер енгізуге тура келді. Конституцияға түзетулер қабылданған жағдайда, биліктің мемлекеттік жүйесі аса маңызды реформалардан өтуі тиіс. Сондықтан мұнда әр азаматтың дауысы маңызды. Әр пікір мемлекеттің басты Заңына өзгерістер қабылдауда ескерілуі тиіс.