Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жоғары медициналық колледж студенттері және елордалық №6 емхананың дәрігерлері және медицина қызметкерлерімен өткен кездесу

Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша халықпен өткен кездесулерде жастардың елдегі саяси өзгерістер мен реформаларға қызығушылық танытатынын байқаймын. Бүгін жоғары медициналық колледж студенттерімен өткен кездесуде бұған тағы да көзім жетті. Кездесу барысында студенттер көптеген сұрақтар қойды, әсіресе оларды Конституциядағы жеріміз туралы тармағы қызықтырды. Мен Конституцияға қосылайын деп отырған маңызды толықтырудың бірі 6-баптың 3-тармағы екенін атап өттім.Онда : "жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін" деп жазылған.

Жалпы, дәрігерлер елдің зияткерлік элитасы ретінде уақыттың өзекті мәселелеріне бей-жай қарай алмайды. Бүгін елордалық №6 емхананың дәрігерлерімен және медицина қызметкерлерімен кездесу барысында біраз мәселе талқыланды. 3 жылға жуық пандемия кезінде қоғам медицина қызметкерлерінің, дәрігерлердің біздің өміріміздегі рөлін шынымен ұққандай. Реформалар, басқару жүйесіндегі өзгерістер: мұның бәрі ел халқының денсаулығы жақсы болған жағдайда ғана мүмкін болады.

#deputatAmanat
#referendumAmanat
#депутатАманат