Жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуда. Бүгін"Қазақстан-инжиниринг" АҚ қызметкерлерімен кездесуде ұжым негізінен жас мамандардан тұратынын байқадым. Жалпы, компания жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аударады екен. Бұл компанияның өңірлік филиалдарында Жастар ісі жөніндегі кеңестер құрылған. Бұл кеңестердің мақсаты - жастарды Отанымызды сүюге баулу (тәлімгерлік институтын дамыту, жастарды қоғамдық бірлестіктерімен байланыстыру, жас мамандардың ғылыми-практикалық конференцияларын өткізу және т.б.).
Кездесу барысында жастармен елдің саяси өміріндегі өзгерістердің маңызын туралы талқылау, жастарды алаңдатын сұрақтарға жауап беру қызықты болды. Республикалық референдум - әрбір қазақстандық үшін тарихи маңызды қадам. Ең алдымен, осындай талантты, сауатты жастар мұны түсіне білетіні қуантады.
Сондай-ақ, АҚ Басқарма төрағасы Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы проблемалық мәселелер туралы айтып берді, біз өз кезегімізде айтылған проблемаларды назарға алып, оларды шешу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.
2022 жылдың 5 маусымында сайлау учаскелеріне келіңіз, дауыс беріңіз және азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз, өйткені әрбір дауыс "жаңа Қазақстанның"дамуы үшін маңызды.