Жалпыхалықтық референдум қарсаңындағы түсіндіру кездесулері халықпен бірге өзекі сұрақтарды талқылау үшін тағы бір өзіндік алаңға айналды. Жұмыс ұжымдарымен кездесулерде әр саланың мәселелерін мамандарымен тікелей талқылаудың бірегей мүмкіндігі бар екенін ерекше атап өткім келеді. Мысалы, бүгін Ұлттық геодезия және кеңістік орталығы" РМК қызметкерлерімен өткен кездесуде су қауіпсіздігі мәселелерін талқыладық. Мемлекет басшысының жақында өткен су саласындағы істердің жай-күйіне қатысты реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңес отырысында айтқан ұсыныстары туралы сөз қозғалды.
Сондай-ақ бүгін Ұлттық сараптама орталығының еңбек ұжымымен кездесу өтті. Мұнда санитарлық эпидемиология, вирусология сарапшылары осы саладағы қызметкерлердің жалақы деңгейін көтеру туралы мәселелерді көтерді. Шынында да, ұлттық орталық пандемия кезінде ПТР сынақтарын бастаған алғашқы ұйым болды. Эпидемияға қарсы және алдын-алу шараларын уақтылы жүргізу пандемия жағдайын айтпай-ақ, кез-келген уақытта маңызды. Пандемия туралы айтқанда, "еститін мемлекет" тұжырымдамасын айналып өте алмаймыз. Президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі бастамалары осы тұжырымдамаға толық сәйкес келеді. Кездесуді қорытындылай келе, біз Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңызды аспектілерімен таныстырып, 5 маусымда азаматтарды таңдау жасауға шақырдық.