Сартбаев
Бауыржан
Мейрамбекұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Менеджмент,бизнес және білім колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Бүгін менеджмент,бизнес және білім колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Мұнда елордалық жастармен қатар өңірлерден келген студенттер педагогикалық бейіндегі, қаржы секторындағы менеджмент сынды ең сұранысқа ие мамандықтарды игеріп жүр. Колледжде AMANAT партиясының Жас Отан жастар қанаты белсенді жұмыс істейді. Кездесу барысында жастардың еліміздің саяси өміріне қаншалықты қызығушылық танытатынын байқап қуанып қалдым. Жастар әр түрлі сұрақтар қойып, алдағы референдумға қатысты өз көзқарастарын білдірді. Мен ұсынылып отырған түзетулер қандай салаларды қамтитынын және олардың болашақта елдің дамуына қалай әсер ететіні туралы айтып беруге тырыстым. Жаңа Қазақстанды тек белсенді, білімді жастар ғана құра алады. 5 маусым – біздің әрқайсымыз Қазақстанның болашағы үшін таңдау жасайтын күн.

#refendumAmanat #deputatAmanat #депутатАманат