Конституциялық реформа біздің күнделікті өмірімізді өзгертеді. Жергілікті атқарушы органдарға үлкен дербестік беріледі. Олар тек халықтың мүддесі үшін әрекет етеді. Азаматтық қоғамның, азаматтық бастамалардың рөлі күшейеді. Бұл туралы және Конституцияға енгізілген басқа да өзгерістер туралы бүгін өңірлік партия штабының мүшелері қатысқан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының еңбек ұжымымен өткен кездесуде айтылды.
Тағы бір кездесу "ZEIN"медициналық орталығының еңбек ұжымымен өтті. Медициналық орталықтың ұжымы еліміздің басты заңына енгізілген түзетулер мен өзгерістер туралы жақсы хабардар. Түзетулердің жеке тармақтары бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, кездесу барысында зейнетақы жасы тақырыбы қозғалды. Мен бұрын айтқанымдай, қазір Үкіметте есептеудің жаңа жүйесіне жасауды жоспарлап отыр, содан кейін оны Парламенттің қарауына ұсынады. Біз – Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылардың, азаматтық қоғам белсенділерінің ұсыныстарын мен ескертулерін басшылыққа ала отырып, осы бастаманың заңнамалық базасы бойынша жұмыс істеуге дайынбыз.
Алдымызда жаһандық өзгерістер күтіп тұр.Конституцияға түзетулер қабылданған жағдайда, билік пен мемлекеттік жүйе аса маңызды реформалардан өтуі тиіс. Сондықтан қазір әр азаматтың дауысы маңызды. Әрбір пікір мемлекеттің басты Заңына өзгерістер қабылдауда ескерілетін болады.